Шымкент қаласының негізгі басым бағыттары
Орта мерзімді перспективада Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, сондай-ақ Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларындағы бағыттарды ескере отырып, «Қазақстан – 2050 Стратегиясын» әрі қарай жүзеге асыруға бағытталады.
2019-2023 жылдардағы қала экономикасының басымдықтары
1) макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бюджет шығындарын оңтайландыру;
2) орта мерзімге арналған кезеңде цифрлық технологияны қолдану арқылы, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және экономиканың даму қарқынын жылдамдату, сондай-ақ, ұзақ мерзімді кезеңде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында цифрлық экономиканы құруды қамтамасыз ететін дамудың жаңа белесіне өтуге жағдай жасау;
3) еңбек өнімділігін, бизнестің бәсекелік қабілеттілігін және технологиялық жаңғыртуды арттыру есебінен экспортқа бағытталған өндірісті ынталандыру негізінде экономика өсімдерін арттыруға ықпал ету, сонымен қатар, жеке қаржыларды тарту және қаланың әлеуетін арттыруды іске асыру;
4) тиімділікті, бәсекеге қабілеттілікті және энергия тиімділігін арттыру, агроөнеркәсіп кешенін, көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту, индустрияландыру жолымен экономиканың дәстүрлі салаларын дамыту;
5) «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында жұмыспен қамтуды арттыру, «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру, бизнестегі шығындардың барлық түрлерін төмендету, мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту есебінен бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту;
6) 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламалар шегінде білім беру жүйесінің рөлін өзгерту, үш тілде білім беруге кезеңмен көшу, «Барлығына тегін кәсіби-техникалық білімді» іске қосу, денсаулық сақтау жүйесін түрлендіру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, денсаулық сақтау саласын ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету есебінен адами капитал сапасын жақсарту болып табылады.
2019-2021 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басымдықтары
1.Мемлекеттiк әлеуметтiк мiндеттемелердi толық көлемде орындау;
2.Экономика салаларын цифрландыру;
- Халыққа бюджеттік қызметтердің толық көлемде ұсынылуын қамтамасыз ету;
- Халықты жұмыспен қамту;
- Көлiк – логистикалық инфрақұрылымды дамыту;
- Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және сумен, жылумен қамту желілерін жаңғырту;
- Тұрғын-үй инфрақұрылымын күшейту;
- Әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту;
10. Кәсiпкерлiк пен iскерлiк белсендiлiкті қолдау
Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Р/с№ | Көрсеткіштер | 2018 жыл | Болжамдалатын кезең жылы | ||||
2019 ж. | 2020 ж. | 2021 ж. | 2022 ж. | 2023 ж. | |||
бағалау | Болжам | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1. | ЖІӨ, млрд. теңге | 1705,2 | 1854,8 | 2010,1 | 2115,5 | 2263,9 | 2395,9 |
2. | ЖІӨ-нің нақты өзгеруі, өткен жылға қарағанда % | 103,0 | 103,1 | 103,2 | 103,3 | 103,4 | 103,5 |
3. | Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ долл. есептелген бағам бойынша | 4911,7 | 5411 | 5732,3 | 5908,8 | 6514 | 7000 |
Экономиканың негізгі салалары бойынша ЖІӨ | |||||||
4. | Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі (қызметтері) млн.теңге | 16 030,0 | 17 552,5 | 18 875,3 | 20 317,4 | 21 890,7 | 23 608,7 |
5. | өткен жылға қарағанда % | 103,2 | 103,3 | 103,4 | 103,5 | 103,6 | 103,7 |
6. | Өнеркәсіп, млн.теңге | 398 120,6 | 432 351,8 | 476 427,6 | 511 752,1 | 551 477,6 | 591 401,3 |
7. | өткен жылға қарағанда % | 102,0 | 102,3 | 102,5 | 102,6 | 102,7 | 103,0 |
8. | Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, млн. теңге | 509,3 | 555,7 | 599,9 | 644,9 | 684,9 | 724,9 |
9. | өткен жылға қарағанда % | 100,0 | 100,0 | 101,3 | 101,4 | 100,0 | 100,0 |
10. | Шикі мұнай өнімдері, млн. тонна | – | – | – | – | – | – |
11. | Өңдеу өнеркәсібі, млн. теңге | 365 163,3 | 397 024,9 | 439 156,0 | 472 371,1 | 509 714,4 | 547 035,7 |
12. | өткен жылға қарағанда % | 102,0 | 102,2 | 102,5 | 102,6 | 102,7 | 103,0 |
13. | Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау, млн. теңге | 26 809,4 | 28 414,5 | 29 867,9 | 31 540,8 | 33 378,2 | 35 392,4 |
14. | өткен жылға қарағанда % | 102,2 | 102,2 | 102,2 | 102,3 | 102,4 | 102,4 |
15. | Құрылыс, млн. теңге | 86 748,0 | 110 200,0 | 113 852,0 | 115 600,0 | 117 254,0 | 120 348,0 |
16. | өткен жылға қарағанда % | 102,8 | 103,0 | 103,1 | 103,2 | 103,4 | 103,2 |
17. | Көтерме және бөлшек сауда; көліктерді жөндеу, млн. теңге | 290 312,2 | 312 492,1 | 333 775,9 | 356 853,2 | 382 628,7 | 410 660,0 |
18. | өткен жылға қарағанда % | 104,8 | 105,0 | 105,1 | 105,0 | 105,1 | 105,1 |
19. | Көлік және қоймалау, млн. теңге | 210 050,2 | 223 913,5 | 233 629,1 | 244 247,6 | 255 851,8 | 269 061,4 |
20. | өткен жылға қарағанда % | 103,3 | 103,4 | 103,9 | 103,9 | 103,9 | 103,9 |
21. | Ақпарат және байланыс, млн. теңге | 10 621,4 | 11 200,9 | 11 721,5 | 12 290,4 | 12 887,0 | 13 525,8 |
22. | өткен жылға қарағанда % | 103,0 | 103,0 | 103,3 | 103,3 | 103,4 | 103,4 |