2017 жылдың 29 тамызында Шымкент қаласының «Облыстық орыс драма театрында» өткен «Қазақстанның жаңғыруы 3.0-білімнің үлесі» атты қалалық білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесіне Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Шымкент қаласының 43 мектебінде 1 қыркүйектен бастап физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын пилоттық жоба басталды. Осы және басқа да өзекті мәселелер қалада өткен мұғалімдердің дәстүрлі тамыз кеңесінде талқыланды.
Дәстүрлі тамыз кеңесінде сөз алған Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов мұғалімдердің бүгінгі таңдағы басты тапсырмасы жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу екенін айтты.
Қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров та өз тарапынан барлық ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, бірқатар ұсыныстар берді. Атап айтқанда: оқушылардың ата-аналарының белсенділігін арттыру, оқу ұйымдармен байланысын нығайту мәселесін ұсынып және оқу орындардың басшыларын ашық түрде комиссия арқылы тағайындау өз жемісін беріп жатқандығын айтып өтті.