«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 7-тармағына сәйкес, Шымкент қаласы қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы» үлгілік ереженің талаптарына сай, Шымкент қаласы қоғамдық кеңес құрамына 7 кандидатты іріктеу үшін 2021 жылдың 28 сәуір мен 13 мамыр аралағында конкурс жариялап, барлығы 24 адамның құжаттарын қабылдады.
«Қоғамдық кеңес туралы» үлгілік ереженің 27-тармағына сәйкес жұмыс тобы қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткер кандидаттардан келіп түскен құжаттарды талқылап, әрбір кандидатпен әңгімелесу өткізіп және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс берді.
Аталған Ереженің 19-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс тобы қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін жүргізді.
Атқарылған жұмыстардың негізінде, жұмыс тобының шешімі бойынша Шымкент қаласы қоғамдық кеңес құрамынан шығып қалған мүшелерінің орнына ең көп дауыс жинаған алғашқы 7 кандидат қабылданып, Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 3 маусымдағы өткен кезектен тыс бесінші сессиясында бекітілді.
Олар:
1. Ашетаев Рүстем Есімханұлы
2. Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы
3. Әмірбек Ерсұлтан
4. Дарменов Ермек Аманжолұлы
5. Досболов Әбілқасым Үсіпбайұлы
6. Қуашбай Саттар
7. Молдабек Асқар Ағабекұлы
03.06.2021
Шымкент қаласы қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы кеңес құрамына конкурс негізінде 7 мүшені қабылдады