Сессияны Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Құнанбаев Қайырбек Көбекұлы ашты. Бірінші сессияның төрағасы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы сайланып, сессияны жүргізді.
Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы болып Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы сайланды.
Мәслихаттың құрылған тұрақты комиссияларының сандық құрамы белгіленіп, мүшелері сайланды.
Сонымен қатар, бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі комиссиясына – Елчиева Альбина Балғабайқызы; әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі комиссиясына- Сұлтанова Төреайым Жолдыбайқызы; құрылыс және аумақты дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясына- Анарбеков Нурпейіс Жапарұлы; кәсіпкерлік, туризм және цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссиясына – Наймбекова Айжан Ізбасханқызы; заңдылық, құқық тәртібі және жергілікті өзін–өзі басқару мәселелері жөніндегі комиссиясына – Исабеков Данабек Ержанұлы төраға болып сайланды.
Жетінші шақылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы сайланды.