06.11.2018
Шымкент қаласы мәслихатының жергілікті өзін-өзі басқару және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті
2018 жылдың 6 қараша күні «Шымкент қаласы мәслихатының жергілікті өзін-өзі басқару және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия» отырысы өтті. Күн тәртібінде «Мемлекеттік мүлкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 5 тармағына сәйкес жер учаскілерін мемлекеттік мұқтаждығы үшін қайтару бойынша 35 нысанның құжаттары қаралды. Аталған отырысқа Шымкент қаласының жер қатынастары және жердің пайдалануын бақылау, сәулет және қала құрылысы басқармаларының өкілдері, сонымен қатар жылжымайтын мүлікті бағалаушы компания өкілдері мен жер телімдерінің иелері қатыстырылды.