26.09.2018
Шымкент қаласы мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясы туралы
2018 жылдың 26 қыркүйегінде Шымкент қаласы мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясы өтті. Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясының күн тәртібінде:
- Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының есебі туралы.
- «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мәселелері жөніндегі Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы.
- «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның құрамы туралы».
- «Жаппай жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мәселелері жөніндегі Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы өңірлік комиссия құрамын бекіту туралы.
- Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының есебі туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы инвесторлар кеңесін құру туралы.
- Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының есебі.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы.
- Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының есебі туралы.
- Шымкент қаласы мәслихатының регламентін бекіту туралы.
- Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 27 шілдедегі №35/281-6с «2018 жылғы Шымкент қаласы мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыс сметасы туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы.
- Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелердің шешім жобалары алдын ала Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында және «Нұр Отан» партиясының фракциясының отырысында қаралып, бір ауыздан шешімдер қабылданды.