12 маусым күні алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезекті алпыс бесінші сессиясы онлайн режимінде өтті. Депутат Бектұрғанов Рамазан Сейдахметұлы төрағалық еткен мәжілісте сессия күн тәртібіндегі жиырма алты мәселе қаралды. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, қала депутаттары мен әкімдік мүшелері қатысты.
Сессия күн тәртібіндегі мәселелер алдымен бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында және «Nur Otan» партиясы фракциясының онлайн режимдегі отырысында егжей-тегжейлі талқыланып, депутаттар бірауыздан шешім қабылдады.
Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезекті алпыс бесінші сессиясында қабылданған шешімдер:
Ең алдымен сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, Шымкент қаласы әкімдігінің және Шымкент қаласы тексеру комиссиясының Шымкент қаласының 2019 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебі тыңдалды.
2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізіліп, қала бюджетіне қосымша 21 502,1 млн.теңге қарастырылды.Нәтижесінде қала бюджетінің көлемі 441,8 млрд теңгеден 444,4 млрд теңгеге ұлғайды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, төрт аудан әкімдерінің атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Сессия отырысында Шымкент қаласының мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жағдай және даму перспективалары талқыланды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселесі бойынша Шымкент қаласында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларға адамдардың есімін беру және қайта атау бойынша ұсыныстары қаралып, «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасына Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Әл-Фараби есімі берілді. Сонымен қатар атауы қайталанатын және атауы жоқ №72, №53 мектептеріне ҰОС ардагерлері Сағадат Қожақметұлы Нұрмағамбетов пен Сабыр Рахимовтың есімдері берілді.
Күн тәртібіндегі келесі мәселелердің бірқатары кадрлык ауыс-түйістерге байланысты Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кеңестердің дербес құрамына өзгерістер енгізілді.
Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы «Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізілді.
«Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы кәмелете толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы шешіміне өзгеріс енгізілді.
Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының және жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының есебі тыңдалды.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қаладағы қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау үшін , қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу бойынша тарифтер көлік карталары арқылы төлеу кезінде қазіргі қолданылатын тарифпен 70 теңге төлейді, ал қолма-қол ақшамен төлеу кезінде тариф жоғары, яғни 100 теңге төлейді. Депутаттар Шымкент қаласының аумағында жолаушыларды тасымалдаудың сараланған тарифіне келісім берді.
Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша, Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның құрамын бекітілді.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мәселелері жөніндегі Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі Шымкент қаласы әкімдігінің өңірлік комиссия құрамы мен әкімдік жанындағы ведомствоаралық комиссия құрамы бекітілді.
Сонымен қатар,«Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссияларын сайлау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды. Яғни, осыған дейін Шымкент қаласының аудандық аумақтық 260 сайлау комиссияларының учаскелері құрылған болса, оған 52 сайлау учаскесі қосылды. Осыған орай, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссиясының мүшесі болуға үміткерлердің тізімі енгізілді.
Шымкент қаласы мәслихатының №5 округінен сайланған депутаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезекті алпыс алтыншы сессия төрайымы болып №1 сайлау округінің депутаты Сұлтанова Төреайым Жолдыбайқызы сайланды.