2019 жылы 30 шілде күні алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезекті елу үшінші сессиясы өтті.Мәслихат мәжілісінде күн тәртібіндегі «Шымкент қаласы әкімін тағайындауға келісім беру туралы» бір мәселе қаралды.
Сессияда қаланың жаңа әкімі тағайындалып, әкімді таныстыруға ҚР Президент Əкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев арнайы келді. Қырымбек Елеуұлы Президент тапсырмасымен кадрлық тағайындау жасауға арнайы келгенін, Шымкент қаласының жаңа әкімі лауазымына Ерлан Қуанышұлы Айтаханов лайық екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысының кадрлық озгерістер бойынша тапсырмасымен арнайы келіп отырмын. ҚР Президенті Жарлығымен, қала мәслихаттарының келісімімен Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік маселелер, халықты баспанамен қамтуға баса назар аударып отыр. Енді бұл тұрғыда жұмыла іске кірісуіміз керек. Үкіметтің кеңейтілген отырысында да бірқатар тарсырмалар бергенін білесіздер. Шымкент қаласы жаңарып, жасара беруі тиіс. Жаңа әкім қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бар күш-жігерін салады деп сенеміз, – деді Қырымбек Елеуұлы.
Ерлан Қуанышұлы қаланың дамуына бар күш-жігерін жұмсайтынына салтанатты жағдайда ант берді.
Кезекті ұйымдастырылған жиынға мәслихат депутаттары қатысты. Сессияға депутат Данияр Үсенов төрағалық етті.