2018 жылдың 25 қазанында Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырықыншы сессиясы өтті. Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тысқырықыншы сессиясының күн тәртібінде:
- Шымкент қаласы мәслихатының хатшысын сайлау туралы.
- Шымкент қаласының күнін белгілеу туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі қаралған бірінші мәселе бойынша Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы лауазымына Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараевтың кандидатурасын «Нұр Отан» партиясының мәслихаттағы фракциясының жетекшісі Бекайдар Мұсаұлы Төлегенов ұсынды. Мәслихат депутаттары Бекайдар Мұсаұлы Төлегеновтың ұсынысын қолдап, мәслихат сессиясында бірауыздан шешім қабылдады.
Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылдың 25 қазанындағы №40/321-6с шешіміне сәйкес, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы болып Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараев сайланды.
Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараев 1968 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
1994 жылдан осы күнге дейін «МИГ» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып қызмет атқарған.
2007 жылдан бастап Шымкент қаласы мәслихатының депутатыжәнедепутаттық өкілеттілік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасыболып сайланған.
Сессияның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған Шымкент қаласының әкімі – Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының күнін – «19 маусым» күніне белгілеуге ұсыныс берді.
Өз кезегінде мәслихат депутаттарының тарапынан бұл мәселеде қолдау тауып, бірауыздан шешім қабылданды.