21.09.2018
Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясы туралы
2018 жылдың 21 қыркүйегінде Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясы өтті. Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясының күн тәртібінде:
- «2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №24/192-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
- «2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 27 шілдедегі №35/280-6с шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жер комиссиясы туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы.
- Терроризмге қарсы комиссиясының құрамы туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы.
- Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелердің шешім жобалары алдын ала Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында және «Нұр Отан» партиясының фракциясының отырысында қаралып, бір ауыздан шешімдер қабылданды.