08.10.2018
Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы туралы
2018 жылдың 8 қазанында Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы өтті. Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясының күн тәртібінде:
- Шымкент қаласы мәслихатының хатшысын лауазымынан босату туралы.
- Шымкент қаласы мәслихатының №26 округінен сайланған депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселелер қаралды.
Сессия қорытындысы бойынша Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Н.Қ.Бекназаров ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайлануына байланысты, лауазымынан босатылып, депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Өз кезегінде сөз алған қала әкімі Ғ.Р.Әбдірахымов және мәслихат депутаты Е.Т.Сатқанбаев ҚР Парламент Сенаты депутаты болып сайлануымен Н.Қ.Бекназаровты құттықтап, қаламыздың өсіп өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.