2018 жылдың 4 шілдесінде Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде:
Шымкент қаласы, Абай ауданы әкімін тағайындауға келісім беру туралы мәселе қаралды.
Шымкент қаласы әкімі Әбдірахымов Ғ.Р. Шымкент қаласы, Абай ауданының әкімі қызметіне Парманов Бұхарбай Рысқұлұлының кандидатурасын ұсынды.
Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары қала әкімінің ұсынысын бір ауыздан қолдап, Абай ауданы әкімі лауазымына Б.Пармановты тағайындауға келісім берді.
Сессия барысында сөз алған қала әкімі Әбдірахымов Ғ.Р. мәслихат депутаттарына қала әкімінің жаңадан тағайындалған орынбасарларымен аппарат басшысын таныстырды.
Қала әкімінің бірінші орынбасары болып Нұртай Қ.Ы., аппарат басшысы лауазымына Әлімқұлов Е.А., қала әкімінің орынбасары лауазымдарына Құрманбекова Г.М., Ергешбек Н.Е., Жумин Д.Е., Мамыталиев Б.Ж. тағайындалғандарын атап өтті.
Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясынан соң қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына орай мерекелік іс-шарасы өтті. Аталған іс-шараға Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, аппарат қызметкерлері қатысты. Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды!
Ел жүрегі – Астана қаламыздың 20 жылдық мерей тойы құтты болсын!