2018 жылдың 27 шілдесінде Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы өтті. Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясының күн тәртібінде:
«2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №24/192-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы».
«2018 жылға арналған Шымкент қаласы мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыс сметасы туралы».
Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы «Бизнес Шымкент» өңірлік үйлестіру кеңесін құруды келісу туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелердің шешім жобалары алдын ала Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында және «Нұр Отан» партиясының фракциясының отырысында қаралып, бір ауыздан шешімдер қабылданды.