2019 жылдың 16 шілдесінде Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елу екінші сессиясында күн тәртібіндегі төрт мәселе қаралды.Мәжіліске қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, қала депутаттары мен атқарушы орган басшылары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында алдымен «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындардың өндіріп алу тәртібі мен мөлшері қаралып, үйде оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу айлары кезінде ай сайын қажетті мектеп жабдықтарына әр балаға 1 аек тең ақша мөлшері бекітілді.
Мәжілісте күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындалды.
16 шілде күні басталып жалғасын тапқан сессия отырысында Шымкент қаласы әкімі Ғабидолла Рахматолаұлы мәслихат алдында есеп беріп, 2019 жылдың алты айында атқарған жұмысы және алдағы жоспары баяндалды.
Қала әкімінің айтуынша, биылғы жылы жалпы өңірлік өнімнің көлемі қаңтар-маусым айларынды 265,7 млрд. теңгені құрап, алдынғы жылғы тиісті мерзімімен салыстырғанда 25,1 пайызға артты. Ал ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 12,2 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, бағымдағы 500-600 бастық ірі қара мал бордақылау алаңдарының қуаттылықтары 1300 басқа дейін жеткізіліп, инвестициялық шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша республикалық бюджеттен 236,1 млн теңге субсидияланды.Одан бөлек, Тұрғын үй мәселесін шешу бағытында биыл 129 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 3 625 пәтерлі 72 тұрғын үйді және 2 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда.
Биылғы жылы, ауыз сумен қамтуда жалпы құны 3,2 млрд. теңгені құрайтын 7 нысанның құрылысы басталды. Нәтижесінде, нысандардың құрылысы аяқталғаннан кейін 15 мыңға жуық тұрғын үй орталықтандырылған су жүйесіне қосылып, қамту деңгейі 93%-дан 94,7%-ға, ал кәріз жүйе мәселесі 50,2%-ға жоғарылайды.
Бұдан әрі Ғабидолла Әбдірахымов басым бағыттардың қатарында инвестиция тарту, Индустриалды- иновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу,қала аумағын толық табиғи газбен, ауызсумен, жарықпен қамтуға ерекше көңіл бөлініп, әлеуметтік салаға, мәдениет пен спортты дамытуға назар аударылатынын атап өтті.
Шаһар басшысы өз сөзінде Үкімет отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мегаполиске жасаған іссапары барысында қойған нақты міндеттер аясында әзірленген Шымкент қаласын дамыту мен салудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары жайлы кеңінен хабарлады.
Мұнан соң қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебін тыңдаған мәслихат депутаттары атқарылған жұмыстар қала халқы санының өсуіне, қала аумағының кеңеюіне, тиісінше қаламызда жұмыссыздықты болдырмауға, кедейшілік деңгейін төмендетуге, сонымен қатар, жаңадан салынып жатқан шағын аудандарды жарықпен, жылумен, газбен, ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталып, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржылар және жоғары тұрған бюджеттерден түскен трансферттердің орынды жұмсалғанын атап өтті.
Мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев өз сөзінде істелініп жатқан игі істер мен қала жетістіктердің барлығын қала әкімінің нәтижелі жұмысының көрсеткіші екенін жеткізді.
Сөз соңында халық қалаулысы көп жұмыстардың мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес біршама игі істердің атқарылғанын ескере келе, қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлының 2019 жылдың алты айында атқарған жұмыстарының есебі бойынша «жақсы» деген баға бере отырып, алдағы жұмысына табыс, отбасына амандық, алдағы атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сессияда күн тәртібіндегі мәселелер алдымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында және «Nur Otan» партиясының фракциясыныңмәжілісінде егжей-тегжейлі талқыланды. Мәжіліске депутат Үсенов Данияр төрағалық етті.