Бүгін Шымкент қаласы әкімінің мәжіліс залында Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы болып өтті.
Онлайн трансляцияда өткен сессия жұмысына қала әкімі Мұрат Әйтенов, әкімдік мүшелері, басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлының төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясы ашық деп жариялап, күн тәртібіндегі үш мәселе қаралды.
1. Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік міндеттемелерді қабылдау туралы» №41/329-6с шешіміне толықтыру енгізу туралы;
2. «Шымкент қаласының басқару схемасы туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы №31/252-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. «Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №72/676-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік міндеттемелерді қабылдау туралы» №41/329-6с шешіміне толықтыру енгізу туралы мәселемен Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысының міндетін атқарушы – Болатбеков Боранбай Нигметұлы баяндама жасады. Сессия мүшелері Боранбай Нигметұлының презинтациясына бір қатар сын – ескертпелер айтты.
Сессияда қаралған екінші мәселе «Шымкент қаласының басқару схемасы туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы №31/252-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласының әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Қаланов Ильяс Сұлтанұлы баяндамасын оқыды.
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы №32 қаулысына сәйкес «Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын» «Энергетика және инфроқұрылымды дамыту басқармасы» деп ауыстыруды, «Шымкент қаласының ауыл шаруашылық және витеринария басқармасының» бір қатар функциялары «Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғи пайдалануды реттеу» басқармасына беріліп, атауы «Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасы» деп атауды, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімінің аппараты сыртқы байланыстар функциясы «Шымкент қаласының туризм басқармасына» өтуіне байланысты басқарманың атауын «Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» деп өзгертуді ұсынды.
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11желтоқсандағы №72/676-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесі бойынша Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Мәдәліұлы баяндама жасап Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсанындағы шешіміне бір қатар өзгерістерді енгізуді ұсынды.
Осыған байланысты 2021 жылдың 1-ші тоқсанына жоспарланған аудан әкімдерінің есебін жылдың соңына 4-тоқсанға ауыстыруды, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын орындалу барысы туралы мәселені 2-тоқсанға, сондай-ақ пандемияға байланысты өзекті болып отырған денсаулық сақтау саласын дамыту шаралары туралы мәселені 1-тоқсанға ауыстыруды, білім ұйымдарында білім берудің сапасын арттыру туралы мәселелерді 3-тоқсанға ауыстыруды, және «Мемлекеттік жекешелендіру әріптестік жобалары» туралы мәселені жылдың аяғында тыңдап, қадағағалау туралы ұсынысын айтты.
Сессия соңында қала әкімі Мұрат Дүйсебекұлына сөз беріліп, сессияда талқыланған мәселелер қортындыланды.
-Құрметті мәслихат депутаттары! Бүгінгі сессияда бірнеше маңызды шешімдер қабылданды. Бірінші мәселе бойынша Шымкент қаласы сыртқы жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану жобасы бойынша мемлекеттік міндеттеме алынды. Аталған жоба қаланың сыртқы келбетіне көрік беріп, тұрғындардың кешкі уақыттағы қауіпсіздігіне жағдай жасау мақсатында мақұлданды.
Екіншіден жергілікті атқарушы органдарының жүйелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қаланың басқару схемасына, атап айтқанда үш басқарманың атқаратын міндеттеріне өзгерістер енгізілді. Осы ұсыныстарды қолдағандарыңыз үшін депутаттар корпусына алғысымды білдіремін.
Жалпы алғанда біздің мақсатымыз айқын. Ол қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартып, қолайлы және қауіпсіз орта құру және қаланың ары қарай дамуына ықпал ететін, жерлестеріміздің көңілінен шығатын жұмыстар жүргізу. Сондықтан баршаңыздың дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін -деді Мұрат Дүйсебекұлы.
16.02.2021
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЕКІНШІ СЕССИЯСЫ БОЛЫП ӨТТІ