20.06.2018
Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 30 сессиясы туралы
2018 жылдың 20-шы маусымында ҚР Премьер министрі Б.Ә.Сағынтаев және ҚР Президент әкімшілігінің басшысы Ә.Р.Жақсыбековтің қатысумен Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті.
ҚР Премьер министрі Б.Ә.Сағынтаев ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Шымкент қаласы әкімінің қызметіне ҚР Конституциясының 4-тармағына сәйкес Ғ.Р.Әбдірахымовтың кандидатурасын Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындауға келісім алу жөніндегі ұсынысын жеткізді. Қалалық мәслихат депутаттары бір ауыздан ауыз біршілік танытып, ұсынысқа қолдау көрсетіп, келісім беру жөнінде шешім қабылдады.
Үкімет басшысы қала активі және мәслихат депутаттарының алдында шаһардың жаңа әкімін таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.