Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов пен тұрақты комиссия төрағалары «Zoom» байланыс желісі арқылы тұрғындарды онлайн қабылдады.
«Zoom» арқылы байланысқа шыққан қала тұрғыны Тұрдалы Балтабай Жиделі және Ынтымақ шағын аудандарындағы «Ынтымақ» өнідірістік кооперативінің иелігіндегі жерлерге тұрғын үйлер заңсыз салынып жатқандығын айтып шағымданды. Аталған мәселе бойынша мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов тексеру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Яғни құрылыстың заңсыздығын анықтау жұмысы Шымкент қалалық «орта сапасы және бақылау» басқармасы мен қалалық «сәулет және қала құрылысы» басқармаларының басшыларына тапсырылды. Зеределеу жұмыстарының қортындысы бойынша заң аясында тиісті шаралар атқарылатын болады.
Ал қала тұрғыны Тайжанова Мадина Алиханқызының кәмелет жасқа толмаған мүгедек 3 баласы бар. «ДЦП эпилепсия» диагнозымен ауыратын балаларға дәрігер бекіткен дәрі-дәрмектерінің қымбаттығын айтып, көмек сұрады. Бахадыр Мәдәліұлы науқас балаларға 1 айлық дәрі-дәрмек пен қажетті азық-түлікті демеушілер тарапынан ұйымдастырлатынын жеткізді. Сондай-ақ алдағы уақытта дәрі-дәрмек мәселесін бір жолға қоюды қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенбаева Сауле Сансызбайқызына жүктелді.
Кезекті қоғамдық қабылдау барысында мәслихат хатшысы тұрғындардың басқа да талап өтініштерін тыңдап, мәселелерді шешуді тиісті сала басшыларына тапсырды.
21.04.2021
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ МЕН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ТӨРАҒАЛАРЫ ОНЛАЙН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ