Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов пен тұрақты комиссия төрағалары Н.Анарбеков, А. Елшиева, Н.Төлегенов, Д.Исабеков «Zoom» байланыс желісі арқылы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қоғамдық қабылдауға қатысқан қала тұрғындары желтоқсанға байланысты іс-шаралар өткізу, ескерткіш орнату, Асар 2 мөлтек ауданы, № 1-4 көшелерде қалып қойған 8 үйдің мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді. Сонымен қатар, тұрғылықты ауданы бойынша мектеп салу, ауыз су, табиғи газ, көгалдандыру, асфальт жол салып беру мәселелерін көтерген қала тұрғынының уәжі тыңдалып, кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ, мүгедек баласының еміне, дәрі-дәрмекке көмек сұраған бір қатар тұрғындардың мәселесі тыңдалды. «Қарабеков» қоғамдық қорына мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және емдеу үшін қол жетімді бағада қосымша ғимарат сұраған тұрындардың өтініші тыңдалды. Өз кезегінде мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов кезекті қоғамдық қабылдау барысында көтерілген мәселелерді заң аясында шешуді сала мамандарына тапсырып, Асар 2 мөлтек ауданы, № 1-4 көшелерде орналасқан 8 үйдің мәселесін өз бақылауына алып, алдағы уақытта аудан тұрғындарымен кездесетінін жеткізді.