14.10.2021
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ ҚАЛА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ ҚАЛА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қаратау аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Мәдәліұлының қала жастарымен еркін форматта кездесуі өтті.
Арнайы кездесуге Жас Отан жастар қанатының белсенділері, қаламызға белгілі мұғалім, композитор, дизайнер, қолөнерші, биші, жас ақын, жас суретші, жоғары және орта арнаулы оқу орнының жастар істері жөніндегі комитет төрағалары мен студенттері, волонтерлар жалпы 25-ке жуық белсенді жас қатысты.
Кездесу барысында жастардың кездесу қонағының жеке өмірімен және жұмыс барысымен танысып, еркін пікір алмасты. Сондай-ақ қазіргі таңдағы жастардың проблемалары мен қызығушылықтары жайында көкейдегі сұрақтарын қойып, тиісті деңгейде өз жауаптарын алды.
Жиын соңында қала жастары, алдағы уақытта да дәл осындай форматта кездесу өткізуді сұранып, бірқатар ұсыныстары тыңдалды.





