2018 жылдың 6 желтоқсанында халық қалаулысы Ерболат Жақыпұлы жыл бойы атқарылған жұмыстары туралы сайлаушылары алдында есеп берді. Кездесуге Абай ауданына қарасты 8 сайлау округінен 35 тұрғын келді.Сондай-ақ, жиынға Абай ауданы әкімінің орынбасары ,аудан әкімі аппаратының халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің маманы және басқарма қызметкерлері қатысты.
Есепті кездесуде халық қалаулысы баяндама жасап, ауданда атқарылған шараларға тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерімен бөлісті.Ал сайлаушылар тарпынан жолаушылар көлігінің уақытын ұзарту, көшені жарықтандыру, кәріз жүйелерін орнату, жол сапасы жөнінде түрлі сауалдар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.
Мамандардың айтуынша, биыл «Қауіпсіз қала» бағдарламасына сай СПК «Shymkent» мекемесі арқылы 611млн тенге бөлініп жаңа 300 автобус іске қосылмақ. Қазіргі таңда көшелерді жарықтандыру бойынша жобалық сметалық құжаттарын дайындауға ұсыныс берілген.
Бүгінде шағын ауданды ауыз су, электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында «Су Жоба Құрылыс» мердігер мекемесі жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, ЖСҚ дайын болғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаржы қарастырылады.
Ал, «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның мамандары шағын ауданға газ беру мәселесі бойынша монтаж жұмыстары аяқталған соң газ қосылатынын айттып қуантса, Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасының бас маманы шағын ауданға шағал тас төсеу жұмыстары да биылғы жоспарға енгізілгенін жеткізді.