20.02.2020
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Мейрманов Жұлдыз аумағының тұрғындарымен кездесті
2020 жылдың 19 ақпанында №29 округтің депутаты Мейірманов Қайрат Ақмолдаұлы Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты Жұлдыз аумағы және «Жұлдыз» тұрғын алабының тұрғындарының алдында өткен жылды қорытындылады.
Жиынға «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Қамбарбеков Жандос Сатыбалдыұлы, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының маманы – Устемиров Бекзат Мырзағалиұлы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы –Айдарбек Шоқан Қадірбекұлы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамсының жетекші маманы –П.Құрбанова,Еңбекші ауданы,Жұлдыз аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы -С.Ибишев және ауыл билері, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.
Депутат алдымен 2016-2019 жылдар аралығында атқарылған жұмыстары жөнінде тұрғындар алдында есеп берді.Сондай-ақ, кездесу барысында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Халық қалаулысы Қайрат Мейірманов пен әкімдік өкілдері қойылған сауалдарға тұшымды жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар атқаратынын жеткізді.


