18.02.2020
Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары өздері сайланған округтің тұрғындарымен кездесті
2020 жылдың 18 ақпанында өткен кездесуде депутат Хусанхан Атматханов, Мүсірәлі Тоғызбаев және Нұркөз Жаңабаевтар өткен 2019 жылы атқарылған жұмыстары туралы баяндап, биылғы қолға алынған нақты жұмыстарға тоқталды.
Депутат Хусанхан Атматханов былтыр қаланы көгалдандыру мен гүлдендіру жұмыстарына айтарлықтар үлес қосқанын айта келе, биыл Сайрам тұрғын алабындағы көшелерді күрделі жөндеуден өткізуге және сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлінетінін атап өтті.
Онымен қоса, депутаттар Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты тұрмысы төмен отбасындағы 40 астам балаларды киім-кешекпен қамтамасыз етіп, басқа да көмек көрсетілетінін жеткізді. Биыл аталған ауданға қарасты шағынаудандарда ауызсу, жарық, газ мәселелері де шешімін табады деп сендірді халық қалаулылары. Сондай-ақ, депутат Сайрам тұрғын алабында тағы бір медициналық емхана салу жоспарланғанын айтты.
Жиында Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Мүсірәлі Тоғызбаев, Нұркөз Жаңабаевпен аудан әкімі Әліқұлов Абзал Шымкентбайұлы бірқатар мәселелерге тоқталып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп отырды. Сонымен қатар, халық қалаулылары биыл Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейіне және Абай атындағы №32 ЖОМ-ға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал жасайтындарын жеткізді.


