26.09.2018
Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясы 2018 жылғы 26 қыркүйекте сағат 11.00-де Шымкент қаласы, Астана даңғылы, 10 мекен-жайында орналасқан Әкімшілік іскерлік орталығының ғимаратының үлкен залында өтетіні туралы хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
- Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу туралы.
- Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының есебі туралы.
- Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының есебі туралы.
- Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының есебі.
- Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриальды-инновациялық даму басқармасының есебі туралы.
- Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
және басқалар.