2018 жылдың 26 қарашада Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясы өтті. Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясының күн тәртібінде:
- Қала әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі.
- «2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №24/192-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
3.«2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы»
Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 27 шілдедегі №35/280-6с шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
4.Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасын бекіту туралы.
5.Жергілікті мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы.
- Шымкент қаласы мәслихатының 2016 жылғы 25 наурыз №1/7-6с
«Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының тұрақты
комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шымкент қаласы мәслихатының 2016 жылғы 25 наурыз № 1/6-6с
«Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының тұрақты
комиссияларының төрағаларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Күн тәртібі бойынша Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов депутаттар алдында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Мегаполис басшысы Шымкенттің республикалық маңызы бар қала ретіндегі даму көрсеткіштері туралы айтып, барлық саладағы дамудың оң көрсеткіштерінің сақталуын атап өтті.
Сонымен қатар, кездесу барысында қала әкімінің орынбасары Гүльжан Мамытқызы 3,4,5 мәселелер бойынша баяндама жасады. Нәтижесінде 2018-2020 жылдарға арналған қала бюджетіне өзгерістер енгізіліп, даму бағдарламасы қабылданды.
Депутаттық өкілеттік, этика, әкімшілік – аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасын сайлау мәселесі бойынша мәслихат хатшысы Ғани Әбдіғаниұлы ұсыныспен баяндама жасады. Ұсынысты депутаттар бір ауыздан қолдап, Ермек Аманжолұлы Дарменов депутаттық өкілеттік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы болып сайланды.
Шымкент қалалық мәслихатының аппараты