Шымкент қаласы мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі құрамына жаңадан сайланған 7 азаматқа кеңес мүшесінің мәртебесін куәландыратын куәлік пен төсбелгі табыстады.
Олар:
1. «Шымкентқұс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының кеңесшісі – Досболов Әбілқасым Үсіпбайұлы.
2. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы – Әлтеев Бауыржан Ілемшеұлы.
3. «Болашақ» үздіксіз білім беру орталығы директорлар кеңесінің төрағасы -Қуашбай Саттар.
4. Шымкент қалалық ата-аналар қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Шымкент қаласының №17 футболдан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мекетебінің директоры – Дарменов Ермек Аманжолұлы.
5. «ARA24» ақпараттық агентттігінің директоры, «Қазақ радиолары» ЖШС-нің Шымкент қаласындағы тілшісі, журналист – Әмірбек Ерсұлтан.
6. «Мейірім шуағы – 2018» қоғамдық қорының директоры – Молдабек Асқар Ағабекұлы.
7. «Байтақ болашақ» республикалық экологиялық альянсының Шымкент қалалық филиалының төрағасы – Ашетаев Рүстем Есімханұлы.
Құттықтаймыз!