2016 жылдың желтоқсан айының 2-4 күндері аралығында Шымкент қаласы әкімінің кубогы үшін кіші футболдан әуесқой командалар арасында Шымкент қалалық мәслихатының ұйымдастыруыменен және мәслихат депутаттарының демеушілігімен дәстүрлі турнир екінші рет өткізілді.
Турнирдің ашылу салтанатына қала әкімі Ғ.Әбдірахымов пен қалалық мәслихат хатшысы Н.Бекназаров қатысып, өткізіліп отырған турнир Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен тұспа тұс келіп тұрғандықтан аталған мерекелерге арналатынын атап өтіп, бұл ұйымдастырылып отырған турнирдің саясида маңыздылығының зор екендігін, қала халқын спортқа баулудағы ерекшелігін және ауқымдылығының кеңдігін айтып өтіп, турнирді арнайы ашып берді.
Жарыс жастар және ересектер (ардагерлер) топтары арасында өткізілді. Жарысқа облыстың басқа аудандарынанда, оның ішінде: Түлкібас, Мақтарал, Сайрам ауданадарынан да командалар қатысып, жастар тобында 32 команда, ересектер (ардагерлер) тобында 18 команда, барлығы 50 команда бақ сынасты
Жарыс Шымкент қаласындағы «Sportlife», «Ақ арыс» және Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадиондағы спорт кешендерінде өткізілді.
Жарыс өте тартысты өтті. Барлық команда қатты тыңғылықты дайындалып келгені байқалып, ешкімнің жеңісті оңайлықпен бере салғысы келмегені көрініп тұрды. Олай дейтініміздің себебі турнирге қатысқан командалар құрамында кезінде футболдан КСРО және Қазақстан құрамаларында өнер көрсеткен спорт майталмандары: А.Ваганов, Ф.Ордабаев, Қ.Мұсатаев, Б.Ергешов, С.Дербізбаев және тағы сол сияқты бірнеше спорт шеберлері қатысты.
Турнирдің үшінші күні, яғни 2016 жылдың 4 желтоқсанында финалдық ойындар Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадиондағы спорт кешенінде өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жастар тобында «Бірлік» командасы, ересектер (ардагерлер) тобында «Айсат» командасы қала әкімі кубогының иегерлері атанды. Турнирде бірінші орын иегерлеріне 200 мың теңгеден, екінші орын иегерлеріне 100 мың теңгеден және үшінші, төртінші орын иегерлеріне ақшалай сыйлықтар, медальдар табыс етіліп, жарыс барысында көзге түскен үздік ойыншылар Грамоталармен марапатталды. Оған қосымша, үздік қақпашы, қорғаушы, жартылай қорғаушы, сұрмерген номинациялары бойынша үздіктер анықталып, бағалы сыйлықтармен, кубоктар табыс етілді.
Жарыста төрешілік еткен халықаралық дәрежедегі төрешілерге және турнирдің ең белсенді қария жанкүйеріне қалалық мәслихат хатшысы Н.Бекназаров ақшалай сыйлық табыс етті
Осылайша көптен күткен дәстүрлі қала аумағында өткізіліп жүрген футбол мерекесі өз мәресіне жетіп, салтанатты түрде жабылды.
Келесі өткізілетін аталған дәстүрлі турнирге республикамыздың басқа да қалаларынан командалар қатысады деп күтілуде.