2018 жылдың 8 қараша күні «Шымкент қаласы депутаттық өкілеттік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия» отырысы өтті. Күн тәртібінде Шымкент қаласына Сайрам ауданынан қосылған Өтеміс, Шапырашты, Сайрам тұрғын алаптарының тұрғын үй салуға берілген жер телімдердің рәсімдеу мәселелері қаралды. Аталған отырысқа қала мәслихат аппаратының басшысы, Шымкент қаласының жер қатынастары және жердің пайдалануын бақылау, сәулет және қала құрылысы басқармаларының өкілдері, сонымен қатар, заң бөлімінің мамандары мен жер телімдерінің иелері қатыстырылды. Шақырылған тұрғындарға қолданыстағы заңдарға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, комиссия келесі жылға қаралатын қала бюджетін қалыптастыру кезеңінде қаралған мәселелерді шешу мақсатында қала бюджетінен қаражат бөлуге ұсыныс беруді бірауыздан қолдады.
08.11.2016
Шымкент қаласы депутаттық өкілеттік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті