2017 жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 65-бабының 5-тармағына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімдерін сатып алу туралы шарттарының жобаларын келісу туралы мәселесі бойынша Шымкент қалалық мәслихатының Жергілікті өзін-өзі басқару және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Аталған отырысқа Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Керімбекұлы Жанбосынов, қалалық әкімдіктің құрылымдық бөлімдерінің басшылары, жер телімдеріне бағалау жүргізген компания өкілдері және жер телімдерінің иелері қатысты.
Тұрақты комиссия отырысына ұсынылған 23 нысан бойынша құжаттары қаралып, қызу талқыланып, қарау нәтижесі бойынша комиссия мүшелері барлығына бірауыздан келісім берді