30.05.2017
Шымкент қалалық мәслихатының Жергілікті өзін-өзі басқару және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы туралы
2017 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 65-бабының 5-тармағына және қала әкімінің 2017 жылдың 23 мамырындағы хатына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімдерін сатып алу туралы шарттарының жобаларын келісу туралы мәселесі бойынша Шымкент қалалық мәслихатының Жергілікті өзін-өзі басқару және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Аталған отырысқа тұрақты комиссия мүшелері, қалалық әкімдіктің құрылымдық бөлімдерінің басшылары және жер телімдерінің иелері қатысты.
Тұрақты комиссия отырысына ұсынылған 10 нысан бойынша құжаттары қаралып, қызу талқыланып, қарау нәтижесі бойынша комиссия мүшелері барлығына бірауыздан келісім берді.