01.08.2017
Шымкент қалалық мәслихатының кезекті сессиясы туралы
Алтыншы шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының кезекті сессиясын 2017 жылдың маусым айының екінші жартысында өткізу жоспарланған болатын.
Осыған байланысты, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовқа қалалық мәслихаттың 2017 жылғы жұмыс жоспарына енгізілген келесі мәселелер бойынша:
- Қалалық әкімдіктің Шымкент қаласының 2016 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебі
- Қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің есебі туралы
- Абай ауданы әкімдігінің жұмысы туралы
- Әл-Фараби ауданы әкімдігінің жұмысы туралы
- Енбекші ауданы әкімдігінің жұмысы туралы
- Қаратау ауданы әкімдігінің жұмысы туралы
- Қалалық жер қатынастары бөлімінің есебі туралы
- Қалалық білім бөлімінің есебі туралы
және одан басқа да әкімдік тарапынан ұсынылатын кезекті сессиясының қарауына тиісті ақпараттарды (құжаттарды) 2017 жылдың 10 маусымына дейін қалалық мәслихат аппаратына жолдау туралы 2017 жылдың 30 мамырында хат жолданды.