2018 жылдың 19-шы наурызында Шымкент қалалық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы өтті.
Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясының күн тәртібінде:
- Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есебі туралы.
- Қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің есебі туралы.
- Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің есебі туралы.
- «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы».
- Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің есебі туралы.
- ОҚО ІІД Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Еңбекші ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығын қызметінен босатуды келісу туралы.
- ОҚО ІІД Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Еңбекші полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына тағайындауға кандидатураны келісу туралы.
- ОҚО ІІД Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы.
- ОҚО ІІД Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы
- ОҚО ІІД Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Әл-Фараби полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы.
- ОҚО ІІД Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Еңбекші полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы.
- ОҚО ІІД Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Қаратау полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы.
- Шымкент қаласының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
- Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы есептері.
- Шымкент қалалық мәслихат хатшысының 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.
Аталған мәселеден кейін қалалық мәслихат хатшысы өз кезегінде сөз алды.
Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров – қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2017 жылы атқарған қызметтері бойынша, бағалау жүргізілгендігін атап өтіп, қорытындысы бойынша бес тұрақты комиссияның ішінен іріктеліп, жыл бойы атқарған қызметтері бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен «Экономикалық даму мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясы марапатталды, яғни бұл марапат қалалық мәслихат депутаттарының қызметіне деген жауапкершілік пен жаңа талпыныс, күш-жігер береді деген сенім болатын.
- Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясының төрағасын сайлау туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелердің шешім жобалары алдын ала қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында және «Нұр Отан» партиясының фракциясының отырысында қаралып, қолдау тауып, бір ауыздан қабылданды.
Қала әкімі Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, Шымкент қалалық мәслихатының депутаттарымен алдағы уақытты да бірлесіп, алға қойған мақсаттарды нәтижелі аяқтауға сенімін білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.