25.12.2017
Шымкент қалалық мәслихатының кезекті 24 сессиясы туралы
2017 жылдың 25-ші желтоқсанында Шымкент қалалық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясы өтті.
Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясының күн тәртібінде:
- 2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы.
- «Шымкент қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына» өзгеріс енгізу туралы.
- «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші арқылы органның құрамына өзгерістер енгізу туралы».
- «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуды 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мәселелері жөніндегі Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы».
- Қалалық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің есебі туралы.
- Қалалық құрылыс бөлімінің есебі туралы.
- Шымкент қаласының сәулет – қалақұрылысы Кеңесінің дербес құрамына өзгеріс енгізу туралы
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамына өзгеріс енгізу туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің құрамына өзгеріс енгізу туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы жастарды үйлестіру кеңесінің дербес құрамына өзгеріс енгізу туралы.
- Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамы туралы.
- «Шымкент қаласының Грамотасымен марапаттау туралы»
- Шымкент қаласында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидасын бекіту туралы».
- Шымкент қалалық мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
- 2018 жылға арналған Шымкент қалалық мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыс сметасы туралы.
- Шымкент қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелердің шешім жобалары алдын ала қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында және «Нұр Отан» партиясының фракциясының отырысында қаралып, қолдау тауып, бір ауыздан қабылданды.
Қала әкімі Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы 2018 жылы атқарылатын бірқатар маңызды мәселелерді атап өтіп, Шымкент қалалық мәслихатының депутаттарымен алдағы уақытты да бірлесіп, алға қойған мақсаттарды нәтижелі аяқтауға сенімін білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.