Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, алтыншы шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы 2018 жылғы 29 мамырында сағат 17.00-де Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, 49 мекен-жайында орналасқан ғимаратының үлкен залында өтетіні туралы хабарлаймыз.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы;
Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы;
Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерлерге арналған базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы;
Шымкент қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы;
«Б» корпусы Шымкент қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы;
және тағы басқалар.