2018 жылдың 29-шы мамырында Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өтті.
Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясының күн тәртібінде:
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы;
Шымкент қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы;
Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерлерге арналған базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы;
Шымкент қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы;
«Б» корпусы Шымкент қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы мәселелер қаралды.
Аталған мәселеден кейін қала әкімінің орынбасары Баймұханов Тимур Сұлтанбекұлы «Шымкент қаласы өңірлік мегаполисінің тұрақты және кеңестік дамуын тұжырымдамалық бағдарламалары туралы» баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелердің шешім жобалары алдын ала қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында және «Нұр Отан» партиясының фракциясының отырысында қаралып, бір ауыздан қабылданды.