2018 жылдың 6 сәуірінде Шымкент қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезектен тыс 27 сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы, әкімдік мүшелері, қаланың жергілікті атқарушы және аумақтық органдарының басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, күн тәртібіне енгізілген Шымкент қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы 24/193-6с «2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі, Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамына өзгеріс енгізуге келісу туралы және Шымкент қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы №24/191-6с «2018 жылға арналған Шымкент қалалық мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыс сметасы туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралып, бір ауыздан шешім қабылданды.
Қала бюджеті нақтылау нәтижесі бойынша 122 млрд. 800 млн. теңгеге өсті.
Өз кезегінде сөз алған қала әкімі Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы бүгінгі қаралып отырған қала бюджетіне қосылған қосымша қаржылар қаланың инфрақұрылымын дамытуға, қаланы көркейтуге, халықтың тұрмыс тіршілігін жақсартуға бағытталатынын айтып, Шымкент қалалық мәслихатының депутаттарына қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
06.04.2018
Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 27 сессиясы туралы