19.01.2018
Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 25 сессиясы туралы
2018 жылдың 19-шы қаңтарында Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы өтті.
Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясының күн тәртібінде:
- Қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №24/192-6с «2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
- Шымкент қаласының сәулет-қалақұрылысы Кеңесінің дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелердің шешім жобалары алдын ала қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында және «Нұр Отан» партиясының фракциясының отырысында қаралып, қолдау тауып, бір ауыздан қабылданды.