2017 жылдың 20 маусым күні Шымкент қаласындағы «Шымкент холл» мейрамханасында қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров бастаған мәслихат депутаттары өз округтеріндегі сайлаушыларымен бірлесіп Қасиетті Рамазан айында ауыз ашар берді.
Аталған іс шараға облыс, қала әкімдігінің басшылары, қала имамы, қаланың Құрметті азаматтары, ардагерлер, округтегі белсенді сайлаушылар, үй-көше төрағалары, бұқаралық ақпарат өкілдері және т.б., 400-ге жуық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған ауыз ашар кезінде қалалық мешітінің бас имамы Абдрахманов Бағдаулет қажы арнайы құран бағыштап, қасиетті Рамазан айының сауаптары туралы әңгімеледі. Дәстүрге сәйкес діни әндерге орын берілді.
Жалпы, жиналған жамағат дән риза болып тарасты.