2018 жылдың 28 қазанында алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс елу жетінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде он бір сұрақ болды. Кеңеске қала әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, қалалық мәслихат депутаттары, атқарушы органдардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №42/334-6с «2019-2021 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешімінің жобасы бойынша қала әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы Садыр баяндама жасады. Өз сөзінде ол қаржыландыру көлемін 22 млрд 320 млн 800 мың теңгеге ұлғайтуды сұрады. Бұл қосымша шараларды іске асыру үшін қажет. Қала әкімінің орынбасары өз баяндамасында бюджеттен бөлінген қаражаттың қалай жұмсалатынын айтып, әрбір жоспарланған жобаға тоқталды, сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыстар мен алдағы жылға арналған жоспарлар туралы айтты. Аса ірі шығындар, оның айтуынша, республикалық маңызы бар қаланың жекелеген азаматтық және мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысын көтеруге, орта білім беру ұйымдарын жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізуге, жұмыс істейтін жастарға арналған коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй салуға («Нұрлы жер» бағдарламасы аясында), мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге, жастарға және аз қамтылған көп балалы отбасыларға, аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар, еңбек нарығында талап етілетін құзыреттер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға, жұмыс істейтін жастар үшін тұрғын үй сатып алуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға.
Сондай-ақ сессияда «жергілікті мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» және «мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы»мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Сонымен қатар, отырыста қала әкімдігі жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық және өңірлік комиссияның құрамы бекітілді.
Сессияда Шымкент қаласы әкімдігінің «жер комиссиясының құрамы мен ережесін және инвесторлар кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы», «Экспорт жөніндегі өңірлік кеңестің дербес құрамын бекіту туралы», «Бизнес Шымкент «өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы»шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Депутаттар Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Ғалым Полатұлы Құрмановтың өз еркімен жұмыстан босату туралы өтінішін қарады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, бірауыздан шешімдер қабылданды. Аталған мәселелер бойынша шешімдердің жобалары қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және «Nur Otan»фракциясының бірлескен отырыстарында алдын ала қаралды. Сессияға № 16 округ депутаты Төлегенов Бекайдар Мұсаұлы төрағалық етті.