14.09.2016 жылы Шымкент қалалық мәслихатының экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.
Тұрақты комиссияның отырысын Шымкент қалалық мәслихат хатшысы – Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров ашып, 2016 жылдың 16 қыркүйегінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясын өткізу жоспарланып, сессияның күн тәртібінде «Қала әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі туралы» мәселесі қаралатынын атап өтті.
Мәжілісті тұрақты комиссия төрағасы – Н.Б. Бұхарбаев жүргізді.
Қала әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебін қарау, талқылау және ұсыныс дайындау мәселесі бойынша тұрақты комиссия мүшелері бірқатар ұсыныстарға тоқталды.
Хван Евгений Михайлович – Қала тұрғындарының күнделікті және жұма сайын мешіттерге барған азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мешіттердің жанына полиция пунктін қоюды қарастыру жөнінде айтып өтті.
Әмірбеков Талғат Әмірбекұлы – қаламыздағы оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектептердің айналасын қоршауды қамтамасыз ету керектігін атап айтты.
Жаңабаев Нұркөз Сәрсенбайұлы – Жаңадан қосылған елді мекендердің жолдарын жөндеу және қоғамдық көлік бағыттарын ретке келтіру туралы мәселе көтерді.
2-мәселе: Тұрақты комиссияның 2016 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы толықтай қаралды.
Тұрақты комиссияның жоспарының орындалуы тиісті өз денгейде жүйелі түрле орындалып жатқандығын комиссия төрағасы айтып өтті.
3-мәселе: Тұрақты комиссия мүшелерінің тұрақты комиссия мәжілістеріне және сессияға қатысуы туралы көрсеткіштермен таныстырылып, алдағы уақытта да қалалық мәслихаттың сессияларына, тұрақты комиссияның отырыстарына қала көлеміндегі өткізілетін қоғамдық, саяси, мерекелік, спорттық іс шараларға қатысуда белсенділік танытуын атап айтты.
4-мәселе: Тұрақты комиссия мүшелерінің депутаттық сауалдары туралы мәліметтермен таныстырылды.
5-мәселе: Тұрақты комиссия мүшелерінің өз округтеріндегі туындаған мәселелері туралы.
Депутаттардың сауалдары және өз округтеріндегі туындаған мәселелер бойынша мәліметтер беріп, мәселелерді тікелей және қала әкімдігінің көмегімен шешу жолын талқылады.