30.11.2018
Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымындағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті қырық екінші сессиясы 2018 жылғы 14 желтоқсанында сағат 10.00-де, Шымкент қаласы, Астана даңғылы,10 мекен-жайында орналасқан қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтетіні туралы хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
- 2019-2021 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы.
- Шымкент қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының есебі туралы.
- Шымкент қаласы құрылыс басқармасының есебі туралы.
- Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
- 2019 жылға арналған Шымкент қаласы мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыс сметасы туралы
- Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.