Шымкент қалалық мәслихатының бюджет және басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі 8.09.2016 жылы қалалық мәслихаттың мәжіліс залында қалалық мәслихаттың хатшысы Бекназаров Нұрлан Құдиярұлының қатысуменен өтті. Мәжілісті қалалық мәслихаттың хатшысы Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы ашып, қалалық мәслихат депутаттарының көпшілік ұсынысымен ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын өткізу жоспарланып отырғанын, осы сессияның күн тәртібіне «Қала әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі туралы» мәселе енгізілетіндігі туралы хабарлама жасап, алдағы уақытта ағымдағы жылдың қала бюджетін нақтылау және 2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетін бекіту барысында жоспарланған кіріс және шығыс бөлігінің орындалуына, сонымен қатар, жоғары тұрған органдардың бюджеттерінен бөлінген трансферттердің тиімі пайлануына көңіл бөлу керектігін айта келе, комиссия жұмысына сәттілік тілеп комиссия мүшелерінің мәслихаттың қызметіне қатысты жиындарға, іс-шараларға қатысып белсенділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Әрі қарай мәжілісті комиссия төрағасы Сәрсенов Хайрулла Амантайұлы жүргізіп отырды.
Комиссия мәжілісінің күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
- Қала әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебін қарау, талқылау және ұсыныс дайындау.
- Тұрақты комиссияның 2016 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы.
- Тұрақты комиссия мүшелерінің тұрақты комиссия мәжілістеріне және сессияға қатысуы туралы.
- Тұрақты комиссия мүшелерінің депутаттық сауалдары туралы.
- Тұрақты комиссия мүшелерінің өз округтеріндегі туындаған мәселелері туралы.
Бірінші мәселе бойынша сессияда қабылданатын шешім жобасына нақты ұсыныстар тұрақты комиссияның атынан қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына нақты ұсыныстарды дайындауға бір ауыздан келісті.
Екінші мәселе бойынша тұрақты комиссияның жоспарының орындалуы тиісті өз денгейде жүйелі түрле орындалып жатқандығы комиссия төрағасы айтып өтті.
Сонымен қатар, депутаттардың сауалдары және өз округтеріндегі туындаған мәселелерді шешу жолдарын қала әкімдігімен бірігіп қарастырылып жатқандығы айтылды.