24.01.2018ж. Шымкент қалалық мәслихатының бюджет және басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.
Шымкент қалалық мәслихат хатшысы – Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров тұрақты комиссияың мәжілісін ашты.
Қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров мәжілістін күн тәртібіндегі мәселелерді баяндама жасап, сонымен қатар алдағы уақыттағы қалалық мәслихаттың депутаттарының жұмыстарын жандандыру керектігін айтып, келесі сөз кезегін комиссия төрағасы Хайрулла Амантайұлы Сәрсеновке ұсынды.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер бойынша мәселелер қаралды.
– Тұрақты комиссияның 2017 жылы атқарған қызметтері туралы есебі.
– Тұрақты комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын қарау туралы.
– Тұрақты комиссия мүшелерінің тұрақты комиссия мәжілістеріне және сессияға қатысуы туралы.
– Тұрақты комиссия мүшелерінің депутаттық сауалдары туралы
Тұрақты комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау барысында комиссия мүшелерінен маңызды, тиімді ұсыныстар туындады. Атап айтар болсақ,
– Шымкент қалалсының салық базасы бойынша қандай жұмыстары атқарылып жатқаны туралы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мен қалалық экономика және қаржы бөлімімен тұрақты комиссияның отырысын өткізу.
– Қалада салынып жатқан айыппұлдар (штраф) бойынша қалалық ішкі істер басқармасынан және Шымкент ҚІІБ жергілікті полиция қызметі жол потрульдік полициясынан мәлімет алдыру. Қажет болса тұрақты комиссиясының отырысын өткіздіру.
– Бюджет және басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының депутаттары өз округтерінде сайлаушыламен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жуырда жасаған Жолдауын талқылау мақсатында кездесулер өткізу.