Қалалық мәслихат хатшысы Н.Қ.Бекназаровтың төрағалығымен қалалық мәслихатта қаламыздағы келелі мәселелер бойынша құрылған уақытша комиссия отырыс болып өтті.
Отырысты ашқан Нұрлан Құдиярұлы қалалық мәслихаттың 1-ші сессиясында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Шымкент қалалық мәслихатының регламентіне сәйкес және Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы және даму бағдарламасын орындау мақсатында қала аумағында атқарылатын қызметтердің маңыздылығына, алда тұрған міндеттерді атқаруға байланысты қалалық мәслихатта бюджет және басқару, экономикалық даму, әлеуметтік саланы дамыту, жергілікті өзін-өзі басқару және заңдылықты сақтау, депутаттық өкілеттік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелерін қамтамасыз ету жөнінде тұрақты комиссиялар құрылғандығын атап өтіп, қалалық мәслихаттың құзырына жататын мәселелердi сессияларда қарауға әзiрлеу және қаладағы кезек күттірмейтін тез арада шешім қабылдауды қажет ететін мәселелерді қарау мақсатында, қалалық мәслихатта уақытша депутаттық комиссия құрылып, экономиканың маңызды салалары бойынша жұмыстар атқаратындығын, сонымен қатар, аталған уақытша комиссия жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста болатынын және шұғыл жұмыс тобы ретінде қаламыздағы барлық келелі мәселелермен айналысатынын айтты. Құрылып отырған уақытша комиссияның бір басымдылығы мысалы, қаладағы күнделікті кездесіп жататын проблемаларға қатысты әртүрлі құзырлы органдарға, оның ішінде: әкімдік пен маслихатқа қала тұрғындары атынан жеке немесе ұжымдық арыз өтініштер жолданып жатады және оларды қарау, шешу мәселесі заңменен белгіленген бір айға дейінгі мерзімге созылатын жағдайлар бар, оған қосымша қаламыздың аумағы үлкен болғандықтан және қала тұрғындарының санының күрт көбеюіне байланысты әртүрлі кенеттен болатын апатты жағдайлар, жол көлік оқиғалары, тағы басқа қала тұрғындарын зардап шеккізетін жағдайлар бойыншада аталған уақытша комиссия тез арада құзырлы органдармен бірге орын алған келелі мәселелер бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, дұрыс шешімдер қабылдануына ықпал ететін болады. Яғни, қала тұрғындары – біздің сайлаушыларымыздың заңды құқықтарын сақталуын және әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз ету бағытында уақытша комиссия жедел түрде жұмыс атқаратын болады және оған комиссия құрамына енген депутаттардың білімі, дәрежесі, тәжірибесі жетеді деп сендіреміз.
Қалалық мәслихаттағы уақытша комиссия қалалық мәслихат хатшысының өкімімен құрылғандығы туралы айтылып, комиссия мүшелерімен таныстырды және комиссияның жоғарыда аталған мәселелерге қосымша негізгі мақсат, міндеттерімен: қалалық мәслихаттың 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізілген мәселелерді алдын ала зерделеу бойынша, оның ішінде: заңсыз салынған құрылыс нысандарының, қызыл сызықтардың үстіне салынған ғимараттардың заңдылығын, ретсіз сауда орындарындағы және көшелер мен базарлардағы көлік тұрақтарының, барлық салалар бойынша салық түсімдерінің базасын нақтылап, түсімдерді көбейту жұмыстарын, қоғамдық қауіпсіздік, жергілікті полиция қызметі, білім беру, жер мәселесі, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жаңадан қосылған елді мекендердің жай-күйі, қаладағы көлік қозғалыстарының, оның ішінде: қоғамдық тасымалдау көліктеріндегі қауіпсіздік және қала тұрғындарына мәдени түрде қызмет көрсетуін қамтамасыз ету мәселелерін тереңірек зерделеу мақсатында құрылғандығы жөнінде де мәлімет беріледі.
Қалалық мәслихат хатшысының ұсынуымен уақытша комиссияның бірнеше бағыттар бойынша жұмыс жоспары бекітілді. Комиссия мүшелері және байланыс телефондары туралы мәслихат сайтында толық түрде берілген және алдағы уақыттарда атқарған жұмыстары туралы да ақпараттар жүйелі түрде берілетін болады.
Қалалық мәслихатта құрылған уақытша комиссия қаламыздың өсіп өркендеуіне үлкен үлес қосады дей отырып, аталған уақытша комиссия қаламыздағы кез-келген шешімін таппай жатқан мәселелермен айналысып, жергілікті атқарушы органдармен халық арасындағы көпір ретінде қызмет атқарып, халықтың мәслихат депутаттарына және қалалық әкімдікке деген сенімін арттыра отырып, беделін көтеруге бағытталған нақты шаралар қабылдап, қала халқының әл-ауқаты тұрмыс тіршілігінің қазіргіден де жақсаруына үлкен ықпал ететініне сенім білдіреміз .Шымкент қалалық мәслихатында қаламыздағы келелі мәселелер бойынша уақытша комиссия құрылды