Шымкент қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қыркүйектегі кезекті жетінші сессиясында Шымкент қалалық және Абай, Аль-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық жергілікті полиция қызметтерінің жұмыстары туралы мәселелер қаралған болатын.
Абай және Қаратау аудандық жергілікті полиция қызметтерінің жұмысы туралы есептерін қалалық мәслихат депутаттары қарап, талқылай келе аталған аудандарда қылмыстың бірнеше түрлері бойынша көрсеткіштердің жоғарылап кеткендігін, тиісінше оларды төмендету бойынша, халықпен тиісті аумақтарда байланыстың жоқ екендігі және олардың құқықтарын қорғау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілмегендігі, тағы басқа да көптеген кемшіліктерге жол берілгендігі айтылған болатын.
Қалалық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясында аталған аудандық жергілікті полиция қызметтерінің жұмысының есептерін қарау нәтижесі бойынша нақты ұсыныстар беріліп қалалық мәслихаттың келесі кезекті сессиясында қайта қарау туралы шешімдер қабылдаған болатын.
Жоғарыдағылар негізінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес және Шымкент қалалық мәслихатының шешімдерін орындау мақсатында Абай және Қаратау аудандық жергілікті полиция қызметтерінің атқарылған жұмыстары және қабылданған шаралар туралы есептерін 2017 жылдың 20 қаңтарына дейін қалалық мәслихатқа жолдау туралы Шымкент қалалық мәслихатының атынан 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 1-7 хаты Шымкент қалалық және Абай, Қаратау аудандық жергілікті полиция қызметінің бастықтарына жолданды