Шымкент қалалық мәслихаты уақытша комиссиясының 15.06.2017 күні сағат 10:00 де қалалық мәслихаттың әдістемелік кабинетінде кезекті мәжілісі өтті.
Мәжіліске Шымкент қалалық мәслихат хатшысы Н.Қ.Бекназаров, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Жанбосынов, Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысының у.м.а. Н.Бектұрсынов, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары Н.Әбдіқұлов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Жұматаев, «Қуатжылуорталық-3» МКК атқарушы директоры М.Низамутдинов қатысты.
Мәжілісті Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Н.Қ.Бекназаров ашып, ары қарай отырысты уақытша комиссия төрағасы Н.Б.Бұхарбаев жүргізіп отырды.
Аталған отырыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелер: «Тоғыс» тұрғын алабындағы кәріз жүйесі мәселесі; Шымкент қалалық спорт бөліміне, қала бюджетінен бөлінген 231 млн. 769 мың теңге бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы; Жол жөндеу жұмыстарына қажетті сапалы асфальтқа бөлінетін қаржы мөлшері туралы және Шымкент қаласындағы А.Байтұрсынов көшесіндегі жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары туралы мәселелер толығымен қаралып, егжей-тегжейлі талқыланды.
Қалалық мәслихат депутаттарының тарапынан күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша сұрақтар қойылып нақты ұсыныстар беріліп отырыс өте жемісті өтті.
Аталған отырыста күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша қалалық әкімдіктің жауапты қызметкерлеріне уақытша комиссияның келесі отырысына шешімін таппаған мәселелер бойынша және депутаттардың қойған сұрақтарына жауаптар жазбаша түрде қалалық мәслихат аппаратына жолдау туралы айтылды.
Уақытша комиссия мүшелері қала жолдарын жөндеу, асфальтты төсеу кезінде сапасына көбірек көңіл бөлуді және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің құзыретіне кіретін қызметтер бойынша шешімін таппаған мәселелердің жеткілікті екендігін атап өтті.