09.09.2016 жылы Шымкент қалалық мәслихатының депутаттық өкілеттік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.
Тұрақты комиссияның отырысын Шымкент қалалық мәслихат хатшысы – Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров ашып, ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтетіндігін және осы сессияның күн тәртібіне «Қала әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі туралы» мәселе енгізілгендігін және тұрақты комиссия мәжілісінің күн тәртібіндегі мәселелерге түсінік беріп өтті.
Әрі қарай, тұрақты комиссия төрағасы – Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараев сөз алды.
Құрметті депутаттар, алдымен Сіздерді келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтап, әрқайсыңыздың отбасыларыңызға амандық пен саулық, бақ-береке, жұмыстарыңызға табыс тілей отырып, тұрақты комиссияның мәжілісінің күн тәртібіне қойылған мәселелерді таныстырды.
1-мәселе: Қала әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебін қарау, талқылау және ұсыныс дайындау мәселесі бойынша тұрақты комиссия мүшелері төмендей ұсыныстар берді:
Ташқараев Ғани Әбдіғаниұлы – Қаламыздың білім беру саласындағы мектеп санитариясына көңіл бөлу керектігін, әсіресе №54 мектептегі оқушылардың әжетханасына жөндеу жүргізуді қарастыруды ұсынды.
Хусанхан Музапбарханұлы Ахматханов – «Сайрам» тұрғын алабының бірқатар мәселелерімен бөлісті, ондағы қазіргі таңдағы күрделі мәселенің бірі – ауыз су мен табиғи газ мәселесі болып отырғандығын жеткізді және қаламыздың ветеренария саласына көңіл бөліп, малдарды жұқпалы аурулардан алдын-ала сақтау мақсатында іс-шаралар қарастыру керектігін ұсынды.
Ирина Алексеевна Болдинова – №80, №72 орта мектептерінің мәселесін көтерді, мектептегі оқушылар санының тым артуы және де оқушылардың оқу мезгілін 3 ауысымға бөлініп оқып жатқандығын айтып өтті және осы мәселенің негізінде «Нұртас» м/ауданынан жаңа мектептің құрылысын бастау керектігін атап айтты.
Бауыржан Серікжанұлы Сейтжанов – «Спутник» м/а үйлерінің алдындағы кіші базарды жою және осы базардың орнына кіші гүл бағын жасауды ұсынды.
Данияр Қозыбайұлы Үсенов – Қаламыздағы көлік ұрлығы көбейіп кеткендігін және де олардың ізі суып жоғалған көліктердің табылмай жатқандығын ескере келе тұрғын үй аулаларын жарықтандыру және бейне бақылауыш құрылғыларын орнатуды ұсынды.
Депутаттық өкілеттік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ғ.Ташқараев – ұсынылған мәселелердің орынды екендігін және осы мәселелер бойынша әрі қарай жұмыстар атқарылуы керектігін атап айтты.
Күн тәртібіндегі қалған мәселелер бойынша мәліметтермен таныстырылды.
Депутаттардың сауалдары және өз округтеріндегі туындаған мәселелерді шешу мақсатында қала әкімдігі және құрылымдық бөлімдерімен шешу жолы талқыланды.