Тұрғындар несиелік және қаржылық ұйымдарының алаяқтық әрекеттеріне қатысты конституциялық заңдылық шаралардың күшейтілуі туралы ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар кешенді схема бойынша өзгертілген қала аралық маршруттардың бағытын бір жолға қою мәселелері бойынша шағымдар қаралды.
Өз кезегінде Бахадыр Нарымбетов тұрғындардың мәселесімен жіті танысып, қолдан келетін көмектің көрсетілетінін айтып өтті.
«Несие және қаржы ұйымдары кіші және орта бизнеске жатады. Елбасымыз өз сөзінде; кіші және орта бизнес дамымай мемлекет дамымайды, оларды тексеруді азайтыңдар – деген болатын. Өкіншке орай жақсы ниетте қабылданған мораториді кейбір алаяқтық ұйымдар өз пайдаларына асырып жатыр. Біз несиелік қаржылық ұйымдардың алаяқтық әркеттеріне қатысты заңды күшейту туралы ұсынысты парламетке жолдайтын боламыз. Және алдағы уақытта тұрғындардың қаржылық сауаттын арттыру мақсатында бейнероликтер түсіру үшін ішкі саясат басқармасына тапсырма жүктейміз» – деді.
Қабылдауға келген қала тұрғыны Алматы айналма жолының солтүстік бағыты мен Бадам өзеніне таяу маңға қатынайтын нөмері 41 автобустың бағыты 23 – қаңтардан бастап өзгергендіктен, тұрғындарға тиісті жерлерге барып келу қозғалысының қиындағаны туралы шағымданды.
Бахадыр Мәдәліұлы бұл мәселенің де 1- сәуірден бастап өз шешімін табатынын, алдағы уақытта жаңа 300 автобус қала аралық бағытта кешенді схема бойынша қатынайтын айтып өтті.
Естеріңізге сала кетейік Шымкент қаласы маслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетовтың қоғамдық қабылдауы әр айдың бірінші және үшінші сейсенбісі Шымкент қаласы, N.Nazarbaev даңғылы №10 Шымкент қаласы мәслихатының аппаратында сағат 16:00-17:00 аралығында өтеді.
Байланыс тел: 8 (7252) 24 74 00