06.02.2017
Шымкент қалалық мәслихат аппаратының мәжілісі туралы
Шымкент қалалық мәслихат хатшысының төрағалығымен 2017 жылдың 6 ақпан күні қалалық мәслихат аппарытының отырысы өткізілді. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес, қалалық мәслихат депутаттарының сайлаушылармен кездесуі туралы мәселелер қаралды.
Мәслихат хатшысы Н.Бекназаров Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын таныстырып, қолдауға шақырды. Қалалық мәслихат аппаратының қызметкерлері Мемлекет басшысының Үндеуін және Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қызу талқылап бір ауыздан қолдады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, қалалық мәслихат хатшысы 2016 жылы қалалық мәслихаттың атқарған жұмыстары туралы хабарлау мақсатында қалалық мәслихат депутаттарының сайлаушылармен кездесу өткізу кестесін депутаттармен келісіп дайындауды қалалық мәслихат аппаратының басшысына тапсырды.
Сонымен қатар, мәслихат хатшысы аппараттың қызметкерлеріне мәслихаттың атқарып отырған жұмыстары туралы сайтқа толық мәліметтерді дер кезінде жариялап, қалалық мәслихат жұмысын жандандыру жөнінде нақты бірнеше тапсырмалар берді.