ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен кездесті.
Кездесуде депутаттар көпбалалы аналарға биылғы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде қабылданған шарапаты мол бағдарламалардың бағытын түсіндірді. Сондай-ақ, жиынға қатысқан атқарушы орган басшылары мен мәслихат депутаттарына осы бағытта кешенді шараларды іске асыру үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
Шаһар тұрғындарының қойған сауалдарына сенат депутаттары жауап беріп, ұсыныстарын Парламент отырыстарында көтеріп, депутаттық сауал жолдайтындығын жеткізді.
Отырысқа Шымкент мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, Экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Нұрғазы Бұхарбаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтабаев, Қаратау аудандық әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығының басшысы Бақытжан Ошаев қатысты.