Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы іс-шаралардың орындалу барысын бақылау мақсатында бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаеваның жетекшілігімен партия фракциясының жетекшісі қалалық маслихат депутаты Б. Тулегенов, фракция мүшелері қала маслихат депутаттары М.Жолдыходжаев, Б.Қыдырбаев, Л.Сулайманов қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына келді.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша 13 тармақ бекітілген. Бүгінгі таңда, тармақтар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, 5 тармақ жоспарға сәйкес орындалды.
Атап айтсақ,
басқармаға қарасты «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ-нің ішінен «Тең қоғам» секторы ағымдағы жылдың маусым айында іске қосылды.
Балалар үйлерінің түлектерін әлеуметтік бейімдеп, жұмысқа орналастыру,
2000 – нан кем емес жобаны іске асыру үшін, 200 АЕК көлемінде гранттар ұсыну,
кемінде 15 мың жасқа жастар практикасын өткізуге мүмкіндік беру,
көпбалалы жас отбасыларға арналған «Шаңырақ» психологиялық, құқықтық, кәсіптік кеңес беру институты іске асырылды.
Алдағы уақытта да қалған тармақтар бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.